Қоғам

Qazaq Air әуе компаниясына қатысты тексеріс басталды

Qazaq Air ұшағы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Әкімшілік жоспарлы инспекция өткен аптада болған авиациялық оқиғалармен байланысты емес екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясының жоспарлы тексерісін бастады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті өз телеграм-каналында.

Әуе компаниясының ұшу эксплуатациясы, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ, лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексеріледі.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді, деп мәлімдеді Авиациялық әкімшілік бас директорының бірінші орынбасары Линда Орлэди Atameken Business телеарнасына.

Айтуынша, ведомство ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық әуе бизнесін жылына кемінде бір рет тексеріп тұрады. Алайда авиациялық оқиғалар мен жағдайлар олардың құзыретіне кірмейді, өйткені бұл индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің міндеті. Сарапшы авиация әкімшілігінің тексерісі жоспарлы сипатқа ие екенін атап өтті.

Еске салсақ, 13 ақпанда Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтаннан Алматыға қонған ұшағын тексеру кезінде шассидің оң жақ тіреуінің қос пневматигінің зақымдалғаны анықталды.

Жаңалықтар
0