Қоғам

Мамин әкім орынбасарларының міндетіне қатысты тапсырма берді

© Photo : Youtube/PrimeMinister.kzАсқар Мамин
Асқар Мамин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, әкімдердің арнайы орынбасарына бейінді емес міндеттер жүктелу арқылы өңірлерге инвестиция тартылмай жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин өңір әкімдеріне инвестиция тартуға жауапты орынбасарларды айқындауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Асқар Маминнен өңір әкімдеріне инвестиция тартуға жауапты орынбасарларды белгілеуді тапсыруын сұрады.

"Инвесторлармен нақты жұмыс істеу үшін 2012 жылы инвестицияларға жауапты облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің арнайы орынбасары лауазымы енгізілді. Аталған шара өзінің тиімділігін көрсетті. Алайда жылдар өте келе бұл лауазым иелеріне функционалы оларға бейінді емес міндеттер жүктеумен шайылып кетті", – деді ол.

Мәселен, оның айтуынша, қазір тек Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ғана әкімдердің арнайы орынбасарлары инвестиция мәселесімен айналысады. Қалған облыстарда оларға инвестиция тартумен айналысуға мүмкіндік бермейтін басқа міндеттер жүктелген.

"Сондықтан өңір әкімдері орынбасарларының функционалдық міндеттерін қайта қарап, инвестиция тартуға, бастапқы бағдарға оралу қажет деп санаймын", – деді Тілеуберді.

Премьер-министр Асқар Мамин орынбасарының ұсынысын қолдады.

Оқи отырыңыз: Асқар Мамин Шымкентте 12 мың теңгеге туфли сатып алды

Ол мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, өңір әкімдері мен квазимемлекеттік сектор басшыларына инвестиция тартуға жауапты орынбасарлардың осы маңызды функцияға баса назар аударуына ықпал етуді тапсырды.

Жаңалықтар
0