Қоғам

Президент ақын Шөмішбай Сариевтің отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Шөмішбай Нағашыбайұлы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты, деді Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

"Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көшін алға бастаған қаламгердің бірі болды. Өрелі өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.

Шөмішбай Сариевтің өмірбаяны

Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысының Арал ауданындағы Шөміш стансасында туған.

1971 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген.

1970-74 жылдары "Қазақстан" баспасында редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды.

Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы "Балдәурен" деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты.

Оқи отырыңыз:  Назарбаев Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

1994 жылы "Жазушы" баспасынан таңдамалы өлеңдер жинағы, 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен әнге жазылған өлеңдері жеке жинақ болып басылған.

2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, 2004 жылы "Тарлан" сыйлығының иегері атанды.

Жаңалықтар
0