12:13 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (102)
119 0 0

Қарулы күштерде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, коронавирус жұқтырғандар саны елдегі орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Қарулы күштерінде коронавирусқа қарсы вакцина егу наурыз айында басталады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта екпе жұмыстарына дайындық жүріп жатыр, ол Қарулы күштерде биыл наурыз айында басталады. Екпе жүргізуде жеке құрамның басым санаттары айқындалып, оны алу кезектілігі жоспарланды. Әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлердің барлығы дерлік коронавирусқа қарсы екпенің қажет екенін айтып отыр", - делінген хабарламада.

Жалпы, ведомствоның ақпаратынша, Қарулы күштерде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Әскерилер арасында коронавирус жұқтырғандар саны елдегі орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.

"Бұл барлық жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу шараларын толық өткізуге, жауынгерлік әзірліктің жай-күйін қажетті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді", - деді баспасөз қызметінен.

Қарулы күштер денсаулық сақтау қажеттілігі үшін әскери-медициналық мекемелерді стационар, мобильді әскери-далалық госпиталь ретінде, сондай-ақ шалғай өңірлерде медициналық көмек көрсету үшін 24 дәрігерлік-мейірбикелік бригаданы жұмылдыруға дайын.

Тағы оқыңыз: Спутник V вакцинасын әзірлеуге қатысқан қазақ жайлы не білеміз

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев жауынгерлік даярлық іс-шараларын қысқартуға, әскери даярлықты төмендетуге жол берілмейтінін атап өтті.

Осыған байланысты ол коронавирус инфекциясының таралуына қарсы алдын алу шараларын жетілдіруді тапсырды. Олар түсіндіру жұмыстарын және денсаулық жағдайының күнделікті мониторингін, сондай-ақ жеке құрамға жоспарлы екпені, ПТР-тестілеуді, ал қажет болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсетуді қамтуы тиіс.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (102)

Тақырып бойынша

Коронавирус жұқтырған симптомсыз науқасқа вакцина салуға бола ма?
Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшыратпайды
COVID-19-бен ауырмаған және вакцина салдырмаған адамдарды не күтіп тұр
Бұрынғы денсаулық министрі Досқалиев COVID-ке қарсы вакцина туралы не дейді
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина, Қазақстанның Қарулы күштері
Загрузка...

Басты тақырып