12:35 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (102)
57 0 0

Денсаулық сақтау министрлігінің сараптама ұйымы вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды берген

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қарағанды фармацевтика кешені Қазақстан аумағында коронавирусқа қарсы "Гам-КОВИД-Вак" ("Спутник V") вакцинасын тіркеу рәсімін аяқтады, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

"13 ақпанда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі сараптама ұйымының вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытындысы алынды. Аталған қорытынды негізінде ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алуға өтінім жолданды", - делінген хабарламада.

Қазақстан – "Спутник V" вакцинасын мақұлдаған 27-ші мемлекет.

Алдын ала есептеулер бойынша, ақпан айының соңында Қазақстанның барлық өңіріне Қарағанды фармацевтика кешені өндірген "Спутник V" вакцинасының 90 мыңға жуық дозасы жеткізілмек.

Айта кетсек, Қарағанды фармацевтика кешені – биотехнологиялық препараттар өндірісіне мамандандырылған Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз фармацевтика кәсіпорны. Ол бірегей жабдықпен жабдықталған және халықаралық GMP стандартына сәйкес сертификатталған.

Кәсіпорынның негізгі өнімдері – ауыр әлеуметтік маңызы бар ауруларды (онкология, гемофилия, гепатит, қант диабеті және тағы басқа) емдеуге арналған заманауи жоғары тиімді препараттар.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (102)

Тақырып бойынша

Вакцина салдырмағандар ұжымдық иммунитетке сенім арта ала ма?
Коронавирус жұқтырған симптомсыз науқасқа вакцина салуға бола ма?
Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшыратпайды
Бұрынғы денсаулық министрі Досқалиев COVID-ке қарсы вакцина туралы не дейді
Кілт сөздер:
спутник, вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып