Қоғам

Кәсіпкерлерге шығын келтіргендердің ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек – Тоқаев

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек хватается за голову, подсчитывая наличные деньги
Человек хватается за голову, подсчитывая наличные деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Президент кәсіпкерлерге орасан зор шығын келтірген мемлекеттік аппарат пен басқа да тұлғалардың ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлердің өзара ықпалдастығына қатысты мәселені қозғады, деп хабарлады Ақорда.

"Кәсіпкерлерге орасан зор шығын келтірген мемлекеттік аппарат пен басқа да тұлғалардың ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек деп санаймын. Бұл мәселені шұғыл түрде заңнамалық тұрғыдан рәсімдеу қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Осыдан бірер күн бұрын масқара жағдай болды – Тоқаев 

Президент Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің жиында сөйлеген сөзіне түсіндірме берді.

"Сіздер айтқандай, бизнестің мүддесін қорғауға және ілгерілетуге қатысты "кедергілер арқылы жүгіру" дейтін лабиринт бар сияқты. Мәселені іс жүзінде де, заңнамалық бастамалар тұрғысынан да шешу керек. Бұған қатысты тиісті тапсырма беремін. Ал арбитражға, сарапшылар қауымдастығын тартуға байланысты нақты мәселелерге келер болсақ, бұл ұсыныстарға жете мән беру қажет деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың пікірінше, мәселені тиісті мемлекеттік органдар мен үкімет қарастырып болғаннан кейін, шұғыл түрде нақты шешімдер қабылдаған жөн.

Жаңалықтар
0