Қоғам

Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ тың ақпарат бөлісті

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 104 мыңнан астам азаматтан өтініш түсті. Бұл мүмкіндікті 700 мыңға жуық қазақстандық қолдана алады

НҰР-СұЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Қазақстандықтар 350 миллиард теңгеге жуық соманы мерзімінен бұрын алды, деп хабарлайды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.

10 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға "Отбасы банк" пен "Қазақстанның Халық банкі" (операторлар) арқылы 104 076 өтініш түскен. Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегі бар азаматтар баспана жағдайын жақсартпақ.

Осы өтініштердің 6,8-і өңделіп жатыр. Операторлар шотына 36,8 миллиард теңге жіберіледі.

32,8 мың өтініш заңнама талабына сай келмегендіктен, қарастырылмайды.

Жалпы сомасы 350 миллиард теңгеге 64,3 мың өтініш мақұлданды. Төлемнің орташа сомасы - 5,4 миллион теңге. 

Өтініш саны бойынша әлі де Алматы (20,6%), Нұр-Сұлтан қалалары (16,7%) мен Маңғыстау облысы (14,6%) алда.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағына өтінім қабылдау: жұртты мазалаған 10 сұрақ жауабы

Жаңалықтар
0