Қоғам

Смартфон баланың дамуын тежейді – не істеу керек

© Sputnik / Табылды КадырбековДевочка с мобильным телефоном в руках сидит на лестничной площадке
Девочка с мобильным телефоном в руках сидит на лестничной площадке - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
Телефон баланың көру қабілетін нашарлатып, дене бітіміне әсер етеді, биологиялық даму тұрғысынан алғанда смартфон өте зиянды

АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Смартфон баланың көзіне зиян келтіріп, биологиялық дамуын тежейді. Бұл туралы ресейлік дәрігер Александр Мясников Sputnik радиосына берген сұқбатында айтты.

"Смартфон қолдану баланың көру қабілетінің нашарлауына, гормонның өндірілмеуіне, ұйқы жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Меніңше, мұның бәрі бойдың өсуін де тежейді. Сондай-ақ, дене бітіміне әсер етеді, себебі телефонды ұстап отырған кезде мойын алға қарай созылады, көз сығыраяды. Баланың биологиялық дамуы тұрғысынан алғанда смартфонды пайдалану зиянды", - дейді дәрігер.

Айтуынша, балалардың смартфонды қолдануына шектеу қою керек, алайда бұл оңай болмайды.

"Біз 18 жасқа дейін балаға ішімдік ішуге, темекі тартуға тыйым саламыз. Дәл солай смартфонға да шектеу қою керек. Адам өскенше смартфонды аз қолданғаны жөн", - дейді Александр Мясников.

"Миға зиян": үйде Wi-Fi роутерді қай жерге қоюға болмайды

Айта кетейік, бұған дейін пәтерде wi-fi тарататын роутерді адам тұрмайтын бөлмеге орнату қажет екені айтылды.

Роутер төсектің жанында тұрмауы керек. Мұндай жағдайда адамның миына әсер етеді, дейді мамандар.

Жаңалықтар
0