13:30 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (102)
73 0 0

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Екпе алдымен инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 65 жастан асқан адамдарға вакцина салу мәселесіне түсініктеме берді,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде 65 асқан адамдарға вакцина салу мәселесіне қатысты көп сұрақ түсіп жатыр. Министрлік осы санаттағы адамдарды вакцинация жоспарына қосу жағын қарастырады. Бірақ созылмалы аурулар, аллергиялық реакциялар және тағы басқа қауіп-қатерлер, сондай-ақ, зерттеудің нәтижелері ескеріледі", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда министр бұған дейін 65 жастан асқан адамдарға вакцина салмау туралы шешімді де түсіндірді. Оның айтуынша, зерттеу мәліметтері тапшы болды. Сол себепті осы санаттағы адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға шектеу қойылған. Бұдан бөлек, алдымен медицина қызметкерлерін вакцинациялау міндеті тұрды. Осыдан кейін мұғалімдерге, құқық қорғау қызметкерлеріне және тағы басқа инфекция жұқтыру қаупі жоғары мамандарға екпе егіледі. Артынан барлық адамдарға тегін әрі ерікті түрде салынады. 

"Вакцинаның бірінші дозасынан кейін 12-14 күннен соң, қорғаныс қалыптаса бастайды. Бірақ толық қорғанысқа екі доза керек. Оны 21 күннен кейін салады. Ал бір жарым айдың ішінде вирусқа қарсы иммунитет қалыптасады. Сондықтан вакцина алған адамдарға сақтық шараларын сақтаған жөн", - деп атап көрсетті Цой.

Жаппай вакцинация басталды

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Екпе алдымен инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтер, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Екпе тегін және ерікті түрде егіледі.

15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында шығарылған "Спутник V" препараты вакцинация үшін пайдаланыла бастайды. Ал сәуір айынан бастап COVID-19-ға қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасын егу жоспарланып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаны егу тәртібін түсіндірген. Оған сәйкес, адам соңғы алты айдың ішінде коронавируспен ауырып шықса, вакцина салудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, жүкті әйелдерге, ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жастан асқандарға салынбайды.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (102)

Тақырып бойынша

Халықты түстерге бөлу мен QR-код: министр Цой қазақстандықтарға үндеу жасады
Қай кезде маскасыз жүруге болады – денсаулық министрлігінің жауабы
Бірнеше мемлекет қазақстандық вакцинаға қызығушылық танытты – Цой
Облыстың бас санитар дәрігері карантинге қатысты жаңа қаулы шығарды
Қазақстандағы COVID-19: бір тәулікте мыңнан астам адам вирус жұқтырды
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, зейнеткер
Загрузка...

Басты тақырып