Қоғам

Қазақстанда ресейлік физика-математика мектебі ашылуы мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевШкольные учебники, иллюстративное фото
Школьные учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Ресей елшісі ТМД кеңістігінде басқа елдерге қарағанда қазақстандықтар орыс тілін жақсы меңгергенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Қазақстанда орыс тілінде сабақ беретін ресейлік физика-математика мектебі ашылуы мүмкін. Бұл мәселе пысықталып жатыр, деп мәлімдеді Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин "Комсомольская правда в Казахстане" басылымына берген сұқбатында.

"Өкінішке қарай, бұрынғы Кеңес Одағының кеңістігінде орыс тілін білу деңгейі төмендеп кетті. Оның ішінде Ресей мен Қазақстан да бар. Бірақ біз бұл жағдайды түзетуге тырысып жатырмыз. Сондықтан ұстаздарды жөнелтіп, орта мектептерде сабақ беретін мұғалімдерді дайындауды қолға алдық және оқу-әдістемелік материалдар шығарамыз. Қазақстанда орыс тілінде сабақ өтетін ресейлік физика-математика мектебін ашу туралы мәселе қарастырылып жатыр. Қазақстандағы Ресей жоғары оқу орындары филиалдары мен Ресейдегі Қазақстан ЖОО филиалдары туралы келісім әне-міне жасалады. Бұл М.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалына қосымша білім ошақтарын ашуды қарастырады", - деді Бородавкин.

Ресейдің жоғары оқу орындарына түсу 5 есе жеңілдетілді

Ол басылымға берген сұқбатында "әрбір қазақстандық үшін орыс тілін білу басымдық беретінін және бұл артықшылықтан бас тарту қисынсыз" екенін айтты.

"Оның үстіне Еуразиядағы ықпалдастық процестер орыс тілін халықаралық байланыс тілі ретінде бекітуді қарастырады. Қазақстандықтар ТМД кеңістігіндегі басқа халықтарға қарағанда орыс тілін жақсы меңгерген. Орыс тілінде акцентсіз сауатты сөйлеп, сауатты жаза алады. Қазақстандықтарға бұл басымдықтан бас тартпаған дұрыс деп ойлаймын. Керісінше, орыс тілін терең меңгеру қажет", - деді елші.

Ол шамамен 74 мың қазақстандық студент Ресейде білім алып жатқанын еске салды.

"Қазақстан мұндай жоғары білімді мамандардың "ұстаханасынан" бас тартпайды деп ойлаймын", - деді Бородавкин.

Жыл сайын 10 ақпан күні Ресейде Дипломатиялық қызметкер күні тойланады. Бұл кәсіби мереке 2002 жылдың 31 қазанында президент жарлығымен бекітілген.

Жаңалықтар
0