Қоғам

Қазақстанда қашықтан жұмыс режимі заңдастырылады

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Құқықтық және әлеуметтік-экономикалық оң нәтижелер күтілетін заң жобасы бойынша қорытынды 2021 жылдың 22 желтоқсанына дейін әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Мәжілістің бір топ депутаттары қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеу туралы заң жобасын әзірледі. Бұл туралы төменгі палатаның жалпы отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына парламент депутаттары бастамашылық еткен.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетова қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тәжірибесі еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттігін көрсеткенін айтты.

"Осыған байланысты заң жобасы қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеуді көздейді", – деді депутат.

Заң жобасында уақытша және аралас жұмыс режимін енгізу көзделген.

Сондай-ақ, жұмыс кестесін, жұмыс уақытын, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін белгілеу сияқты нормалар бар.

Депутаттар аталған заң жобасынан оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық нәтижелер күтілетінін атап өтті.

Комитет заң жобасы бойынша қорытындыны 2021 жылдың 22 желтоқсанына дейін әзірлейді.

Оқи отырыңыз: Көпбалалы отбасылар қашықтан білім алудың қиындығы туралы айтты - видео

Еске салсақ, былтыр көктемде пандемия басталғаннан кейін қазақстандықтар жаппай қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің таралуына жол бермеу үшін қызметкерлердің 70 процентін қашықтан жұмысқа ауыстыруды тапсырған болатын.

Жаңалықтар
0