Қоғам

Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуШкольник бежит по зимней дороге, архивное фото
Школьник бежит по зимней дороге, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда аяз салдарынан бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды.

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы 2021 жылдың 10 ақпанында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқитынын хабарлады.

Бұған дейін Қарағанды, Қостанай және Теміртауда бірінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақ тоқтатылған болатын.  

Айта кетейік, "Қазгидромет" 10 ақпанда елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлады. Солтүстікте қар жауады, оңтүстік те де жауын-шашын болады.

Синоптиктер 10 ақпанда ауа райы қандай болатынын болжады

Жаңалықтар
0