Қоғам

Павлодар облысында қымбат автокөліктерді ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуКісен салынған адамдар, архивтегі сурет
Кісен салынған адамдар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Қылмыстық топ мүшелері автокөліктерді, негізінен, түнгі уақытта ұрлаған. Көліктерді алдын ала таңдап отырған

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында қымбат автокөліктерді ұрлады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

Қылмыстық топтың құрамына Қарағанды облысының үш тұрғыны кірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер автокөлікті алдын ала таңдап, бағдарды жоспарлап, негізінен, түнгі уақытта әрекетке көшкен.

"Ұрланған көліктерді агрегаттық мәліметтерін өзгерту жолымен сатқан. Ал кейбірін бөлшектеп сатып жіберген. Павлодарлық жедел уәкілдер бұған дейін ұрланған жеті автокөлікті тапты: олардың арасында "Toyota Аvensis", "Toyota Land Cruiser Prado 120" бар", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Тағы оқыңыз: Шымкенттік қарапайым сызғыш көмегімен 11 көлікті ұрлап кетті

Қазіргі таңда ұсталғандар 10 факті бойынша айыпталып отыр. Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Барлық күдікті қамауға алынды.

Бұдан бөлек, ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және қатысқаны үшін күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1 және 2 тармағы бойынша да айып тағылды.

Жаңалықтар
0