02:54 01 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.16
  • EUR493.29
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

Балалар хирургі Қазақстанға ұшып келудегі миссиясын "Сібірден сүйіспеншілікпен" деген сөзбен сипаттайды  

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Сібір федералдық округі бойынша бас балалар хирургі Юрий Козлов Алматы мен Нұр-Сұлтанда көрсетілімді операциялар жасап жатыр.

Атап айтқанда, медицина ғылымдарының докторы, профессор қазақстандық әріптестерімен балаларда кездесетін шап жарығын емдеудің авторлық әдістерін бөлісіп жатыр.

Ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында Иркутсктен "қызыл" аймаққа келуге не себеп болғанын, жергілікті дәрігерлердің кәбилілігі туралы айтып берді.

Хирургиялық фриланс

Профессор COVID-19 пандемиясы кезінде енгізілген басты шектеулердің бірі – қалалар арасында жүріп-тұрудың қиындығы екенін атап өтті.

Юрий Козлов
© Sputnik / Владислав Воднев
Юрий Козлов

"Хирургтің өз өміріне қауіп төндірсе де, балаға ота жасау үшін "қызыл" және "сары" аймаққа (Қазақстанда коронавирустың таралу қарқынына қарай қалалар түстерге бөлінеді, 9 ақпандағы мәлімет бойынша Нұр-Сұлтан "қызыл"аймақта тұр) келуін "хирургиялық фриланс" деп атаймын. Себебі, науқас бала қалалардың жабық болуына байланысты сен жұмыс істейтін медицина орталығына келе алмайды. Пандемия – біз күрес жүргізіп жатқан соғыс іспеттес. Мен өмір үшін күресте адамдарға қол ұшын созу үшін ұшып келдім", - деді Юрий Козлов Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Ол қазақстандық әріптестеріне шап жарығын емдеудің патенттелген авторлық техникасын PHELPS (Фелпс) ұсынды.

"PHELPS – техниканың ағылшынша атауының бас әріптерінен құралған акроним: шап сақинасын тері арқылы эндоскопиялық тігу және біріктіру. Бұл эндоскопиялық әдісті шап жарығын емдеу үшін қолданылатын ашық әдіске мейлінше жақындата түсуді білдіреді. Бірақ, науқас ер бала болса, онда ашық әдіс атабездегі қан айналымының бұзылу қаупін тудырады. Яғни, рецидивтер пайда болып, анатомиялық түрлі құрылымдарға зақым келуі мүмкін. Ал біздің әдіс балаларда кездесетін шап жарығын ешбір тыртықсыз емдейді", - деп түсіндірді Козлов.

Сібірден сүйіспеншілікпен

Балалар хирургі Қазақстанға ұшып келудегі миссиясын "Сібірден сүйіспеншілікпен" деген сөзбен сипаттайды. Оның "Балалар хирургтерінің мектебі" аясындағы дәрісі де дәл осылай аталған.

Юрий Козлов
© Sputnik / Владислав Воднев
Юрий Козлов

"Алматыда, қазір Нұр-Сұлтанда біз түрлі диагноз қойылған науқастарға ота жасап жатырмыз. Мен Қазақстанға келмес бұрын барлығын алдын ала талқылап алдық. Себебі, мен кімге және қандай диагнозы бар науқасқа ота жасайтынымды білуім керек болды. Өйткені бұл жақтан таппай қалуым мүмкін құрал-жабдықтарды өзіммен бірге алып келдім. Мысалы, маған тігуге арналған арнайы материалды, протез материалын, құрсақ қуысы мен көкірек қуысына эндоскопиялық және эндохирургиялық аспаптарды жеткізу құралдарын алуым керек болды", - дейді Юрий Козлов.

Ол үш күн ішінде шап жарығы бар, бүйрегі қалыптан тыс дамыған және гидронефрозға шалдыққан науқастарға ота жасаған. Ол жергілікті мамандардың көмегінің арқасында барлық ота сәтті аяқталғанын айтты.

"Ешқандай отаны қарапайым деп атауға болмайды. Себебі, ота барлық кезде күрделі. Себебі, оның салдарынан денсаулық пен өмірге қауіп төнуі мүмкін. Мен Қазақстаннан үлкен серпілісті байқадым. Мұнда балалар хирургиясының дәрежесі жоғары екен. Егер Ресейдегі орташа статистикалық хирургия орталығы мен қазақстандық мекемені салыстыратын болсақ, мұнда отаға қажетті жабдықтар, соның ішінде, эндохирургиялық аспаптар жеткілікті екенін көріп тұрмын", - деп ой бөлісті Козлов.

Дәрігер ота кезінде әріптестердің көмегі ауадай қажет екенін атап өтті. Ол қазақстандық ауруханаларда шағын инвазивті хирургияға арналған заманауи эндовидеожүйенің бар екеніне риза болған.

Олгирахқа үндеу

Козлов шамамен бір ай бұрын Өзбекстандағы балаларға ота жасағанын айтты.

"Бүкіл мемлекетте жаңа форматтағы бір ғана эндовдеожүйе бар. Мені аш ішектің аномальді дамуы анықталған баланың дүниеге келуін күтіп отырған отбасы шақырды. Жаңа туған сәбиге ота жасау үшін біз адам сенгісіз амалдарға бардық. Мен Иркутск облысының губернаторына хабарласып, ресейлік олигархтың бірімен кездесуін және ол олигархтан Әлішер Усмановпен байланысқа шығуын сұрадым. Усмановтың Ташкентте жеке клиникасы бар. Бізге қажетті жабдық сол мекемеден табылды. Міне, мәселе осылай шешілді. Ал Қазақстанда мұндай әрекетке барудың қажеті жоқ. Ауруханаға кірсең болды, қажеттінің барлығы табылады. Бастысы, ота жасайтын екі қолың болса жеткілікті", - деді Козлов.

Балалар хирургиясы мектебі

Юрий Козлов Ресей ғылымының күндеріне қатысуға және "Балалар хирургиясы мектебіне" қатысу үшін Ресеймен ынтымақтастық өкілдігінің шақыртуымен Қазақстанға келген (ұйымдастырушылар – Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы, Назарбаев университеті, Қазақ мемлекеттік медицина университеті, "Астана" медицина университеті және " КАРЛ ШТОРЦ ЭНДОСКОПИ Қазақстан" компаниясы).

Профессор Козлов Алматы мен Нұр-Сұлтандағы емханаларда 15 тәжірибелік ота жүргізіп, медицина саласында білім алып жатқан студенттерге дәріс оқиды және қазақстандық жас хирургтерге арналған семинарларға қатысады деп жоспарланған.

"Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі әрі одақтасы. Мұнда отырғандар, Қазақстанның Ресейдегі ынтымақтастық өкілдігі, Ресей Федерациясының елшілігі, барлығымыз да күрделі мәселелерді бірлесіп сәтті шешуге ұмтылатынымыз анық. Жақында ғана Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің отырысында елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің барлық елінде денсаулық сақтау саласы ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың басты құрауышы болып табылатынын айтты. "Балалар хирургиясының мектебі" денсаулық сақтау саласындағы бірлескен әрекеттерді біріктіретін бастама болғаны бізді қуантады", - деді Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым мен мәдениет орталығы директорының орынбасары Константин Воробьев.

"Балалар хирургиясының мектебі" қазақстандық балалар хирургі, Юрий Козловтың жақын досы Алмас Ормантаевтың құрметіне арналған.

Загрузка...

Басты тақырып