Қоғам

Үстемеақы және сыныптық шендер: салықшыларды қандай өзгеріс күтіп тұр

© PhotoЧеловек за рабочим столом
Человек за рабочим столом - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің жалақысын өсіріп, сыныптық шендер беруді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы қосып, бірыңғай форма мен сыныптық шендер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің еңбекақысының төмен болуы, әлеуметтік қорғалмауы және жоғары жауапкершілік олардың сыбайлас жемқорлыққа бару тәуекелін арттырады.

Оқи отырыңыз: Биылдан бастап қазақстандықтардың шетелдегі шоттары тексеріледі 

Осыған байланысты министрлік салықшылардың жалақысын өсіріп, сыныптық шендер беруді ұсынды.

"Мұндай жағдай тәжірибелі қызметкерлердің қызметтен кетуіне және алған білімі мен дағдыларын басқа жерлерде қолдануына әкеледі. Осыған байланысты, базалық жалақыға үстемақының қосылуын және бірыңғай нысанды киім-кешекті енгізе отырып, сыныптық шендерді енгізу ұсынылады", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Ол бұл шаралар кадрлардың жоғары біліктілігі мен сабақтастықты сақтауға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңалықтар
0