Қоғам

Қазақстандық бойжеткендер тұрмысқа шығудың жаңа әдісін ойлап тапты

© Sputnik / Табылды КадырбековОбручальные кольца в руке
Обручальные кольца в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2021
Жазылу
Желі қолданушылары такси шақыруға арналған қосымшаны пайдаланып, видео жариялап жатыр. Челлендж бірнеше күн бұрын ғана пайда болды

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан — Sputnik. Қазақстандық қыздар әзіл ретінде TikTok-та жаңа челленджге қатысып жатыр.

 

​Желі қолданушылары такси шақыруға арналған қосымшаны пайдаланып, видео жариялауда. Таксимен баратын жердің орнына "мені тұрмысқа алыңыздаршы" деген жазу қалдырады. Кейін қыздар кімнен ұсыныс түскенін көріп,"қабылдау" немесе "бас тарту" дегенді таңдайды.

Олар желіге видеоны #заберитезамуж хэштегімен жүктеп жатыр.

 

Челлендж бірнеше күн бұрын ғана пайда болды.

"Ішім пысты, әзіл ретінде қатыстым", "Мен де қайталап көрдім", "Мен де қалыспадым" - деп жазады басы бос бойжеткендер.

 

 

Жаңалықтар
0