НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан — Sputnik. Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға арналған өтініштегі мақсатты Enpf-otbasy.kz сайтында өзгерте алады. Бұл жөнінде "Отбасы банк" Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Енді арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемі түскеннен кейін де, өтініміңізді қайта өңдеуге қайтарған болса да қаражатты қолдану мақсатын өзгерте аласыз. Яғни, енді жаңа өтініш жолдау және мақсатты өзгерту үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ. Мұны Enpf-otbasy.kz платформасында бірден орындауға болады", - деп хабарлады банк.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын алуға өтінім берушілердің басты 5 қателігі
Жеке кабинетте өтініштің мақсатын өзгерту үшін:
- enpf-otbasy.kz платформасындағы жеке кабинетіңізге ЭЦҚ арқылы кіріңіз ;
- мақсаттын өзгерту қажет өтінішті таңдаңыз;
- өтініштің мақсатын өзгерту – көк түсті пернесін басыңыз;
- ұсынылған тізімнен жаңа мақсатты таңдаңыз;
- өтініштің мақсатын өзгерту - пернесін (қызыл батырма) басу арқылы әрекетті растаңыз;
- өтінішке қол қою арқылы өтініш мақсатын өзгертуді аяқтаңыз.
Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арнайы портал арқылы түскен өтініштерді талдап, бірқатар өтінішті кері қайтаруға негіз болған бес себепті атады.