21:21 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
103 0 0

Мемлекет басшысы талантты жастардың креативті экономика құрудағы рөлінің маңыздылығына ерекше назар аударды

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев жастар саясатына арналған "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты біртұтас ұлттық жоба әзірлеу керектігін айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Айтулы мереке кезінде атқарылатын шаралардың дені жастарға арналуы – президент қойған басты талаптың бірі. Себебі елде не жасасалса да, бәрін болашақ ұрпақ үшін жасалуы тиіс.

Тоқаев жастардың азаматтық белсенділігі өте жоғары, құлшынысы зор екенін айта келе, осы белсенділікті бәсеңдетпей, оларды жаңа мақсаттарға жұмылдыру қажеттігіне тоқталды. Жастарға қатысты мәселенің бірі – жұмыспен қамту екенін атап өткен президент бұл әсіресе, өңірлерде аса өзекті екендігін алға тартты.

"Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Бірақ жастардың көбі сол шаралар туралы білмейді. Мемлекет ұсынып отырған түрлі қолдау жұмыстарынан хабарсыз. Бұл мәселе тек жалаң үгіт-насихатпен шешілмейді. Үкімет пен әкімдер жастарды жұмыспен қамту мәселесімен арнайы айналысып, күнделікті назарда ұстауы қажет", – деді мемлекет басшысы.

"Жастардың даму индексі" бағалау көрсеткішіне айналады

Осы күндері жастар саясатына қатысты заңдарға қажетті түзетулер енгізілуде. Енді жергілікті мемлекеттік органдарды бағалау көрсеткішіне "Жастардың даму индексі" қосылады. Бұл осы бағыттағы шаралардың тиімділігін арттырады.

"Сондай-ақ, жастар саясатына арналған "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты біртұтас ұлттық жоба әзірлеген жөн. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды жүйелеу үшін әр бағыт бойынша бытыраңқы жүзеге асырылып жатқан жобаларды бір арнаға тоғыстыру қажет", – деді Тоқаев.

Ал оны дайындауға, одан соң талқылауға бүкіл жастар мен студенттік ұйымдар, азаматтық белсенділер мен тәуелсіз сарапшылар тартылуы тиіс.

"Таланттар фабрикасы" – жастарға жол ашады

Мемлекет басшысы талантты жастардың креативті экономика құрудағы рөлінің маңыздылығына назар аударды.

Өйткені креативті индустрия әлемдік экономикада ең жылдам дамып жатқан сегмент. Дамыған мемлекеттерде аталған сала ішкі жалпы өнімнің 10 пайызын құрайды. Осы ретте мемлекет басшысы үкіметке стратегиялық тұрғыдан маңызды саланы кешенді түрде дамыту жоспарын ойластыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Президент мемлекеттік тілді білетін азаматтарға үндеу жасады

Президент пікірінше, оның негізін қалаушы бөліктің бірі ғылым, мәдениет және заманауи шығармашылық салалары бойынша Ұлттық білім хабы болуы қажет.

"Таланттар фабрикасы" іспетті бұл орталық еліміздің барлық өңірлеріндегі дарынды жастардың кәсіби мамандардан білім алып, олардың шеберлік сағаттарына қатысуға жол ашады. Біз ел дамуына жас таланттарымыздың белсене араласуына баса назар аударуымыз керек. Олардың әрқайсысы Отанымыз жеткен жетістіктерге қатысы бар екенін сезініп, табыстарын мақтан тұтуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тақырып бойынша

Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады
Тұрмыс түзелмесе, жетістіктерді мақтан етудің қажеті жоқ – Тоқаев
Тоқаев өзінің қандай тапсырмасы әлі күнге дейін орындалмағанын айтты
Тоқаев Наурызды жаңаша атап өтуге қатысты ойын бөлісті
Тоқаев байланыс операторларын нашар интернет үшін жауапқа тартуды ұсынды
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, жастар саясаты
Загрузка...

Басты тақырып