Қоғам

Ақсулық DJ Imanbek шетелдік жұлдыздармен альбом шығарады

© Photo : InstagramТрек казахстанского продюсера Imanbek попал в топ-5 треков в мире по версии Spotify
Трек казахстанского продюсера Imanbek попал в топ-5 треков в мире по версии Spotify  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Альбомды дайындау үшін оларға Zoom платформасында аудармашылардың көмегімен көп талқылау жүргізуге тура келді

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Imanbek ретінде кең танылған қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов британдық әнші Rita Ora және француз диджей David Guetta-мен бірлескен шағын альбом (ЕР) шығаратын болды. Bang деп аталатын шағын альбом 12 ақпанда жарық көреді. Imanbek пен Rita Ora Инстаграмдағы парақшаларында альбом релизінен үзінді жариялады.

Daily Mail ақпараты бойынша, барлық төрт тректі де Иманбек британдық әншімен бірлескен авторлық құқықта жазып шығарған. Шағын альбомда заманауи поп-музыка да, 80-90-шы жылдардағы клуб әуендері де бар, сондай-ақ, хаус және электронды музыка стилі де қолданылған.

Жобадағы басты туынды – Big әні. Оның релизіне америкалыө реэпер әрі әнші Gunna мен әлемге танымал Dj David Guetta да атсалысқаны белгілі. Шағын альбомда аргентикалық рэп-орындаушы Khea-мен бірлескен Mood әні де бар.

"Бұл менің кейбір сүйікті әншілерім мен продюсерлерім қатысқан бірлескен жоба болып табылады. Мұндай шығармашылық ортада жұмыс жасаған өте көңілді болды. Жоба бізді жақындастыра түсті. Мен үшін бұл жақсы тәжірибе", - деді Иманбек Billboard басылымына берген сұқбатында.

Rita Ora жобаны әзірлеу барысында басқа әртістермен шығармашылық байланысты дамытуға тырысқандарын атап өтті.

"Иманбекпен бірлесіп жұмыс істеу расында да ерекше тәжірибе болды. Біз Zoom арқылы байланысқа шығып, аудармашылардың көмегіне жүгіндік. Сондықтан, альбом жазудың жаңа әдісіне толық бейімделуімізге тура келді. Музыка – өзгеше тіл, ал, шығармашылық процесс біздің арамызда тұрған кез-келген кедергіні еңсере алады", - деді әнші.

Павлодардағы көлік және коммуникация колледжінің төртінші курс студенті Иманбек Зейкенов Saint Jhn атты әншінің "Roses" әніне ремикс шығарғаннан кейін танымал болып кетті. Қазақстан азаматы бұл туындысы соншалық танымал болып кетеді деп күтпегенін айтты. Иманбек Американың Grammy сыйлығына үміткер ретінде ұсынылды.

Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында Иманбек Зейкенов әлемге танымал болғаннан кейінде баяғыдай Ақсуда тұратынын және музыка жазуды жалғастырып жатқанын айтты.

"Грэмми" сыйлығын табыстау 2021 жылдың 31 қаңтарына белгіленген болатын. Бірақ, салтанатты шараны коронавирусқа байланысты белгісіз уақытқа шегеруге тура келді.

Жаңалықтар
0