Қоғам

Қазақстандық 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббатына іздеу салды

© Photo : pixabay/TakmeomeoОрындықта отырған ер адам мен бойжеткен
Орындықта отырған ер адам мен бойжеткен - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Жастар 90-шы жылдардың соңында Қарағанды қаласындағы автобекетте танысып, кейіннен хат алмасып тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстандық Төлеген Мұқанов 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббатын іздеп табуға ниетті.

Мұқанов "Еурзаия" Бірінші арнасының редакциясына хабарласып, жас кезінде хат жазысып тұрған Лилия есімді бойжеткенді табуға көмектесуді сұраған. 

Жастар Қарағандының автобекетінде кездейсоқ кездесіп танысқан: Лилия мектепті тәмамдап, ауылдағы әжесіне бара жатқан, ал Мұқанов техникумнан кейін жоғарғы оқу орнына түсе алмаған.

© YouTube / Первый канал ЕвразияЖастар хатпен бірге бір-біріне сурет те жіберіп отырған. Телеарна эфирінен көрсетілген сюжеттің скрині.
Қазақстандық 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббатына іздеу салды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жастар хатпен бірге бір-біріне сурет те жіберіп отырған. Телеарна эфирінен көрсетілген сюжеттің скрині.

Олар автобекетте танысып, бір жыл бойы хат жазысып тұрған. Кейіннен Мұқановты Қиыр Шығысқа әскерге алып кеткен. Осылайша хат арқылы байланыс үзіліп, Мұқанов Лилиядан қол үзіп қалған.

"Ол ерекше болатын. Басқа қыз-келіншектерден өзгеше еді. Ол менен ештеңе талап еткен емес. Хаттарында сондай ақылды, әдемі сөздер жазатын. Оның хаттары мені таң-тамаша ететін", – деп айтып берді 55 жастағы ер адам. 

© YouTube / Первый канал Евразия Төлеген Мұқановтың 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббаты - Лилия. Телеарна эфирінен көрсетілген сюжеттің скрині.
Қазақстандық 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббатына іздеу салды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Төлеген Мұқановтың 30 жыл бұрын жоғалтқан алғашқы махаббаты - Лилия. Телеарна эфирінен көрсетілген сюжеттің скрині.

Қазір Мұқановтың қолында Лилияның бірнеше фотосуреті бар. Алайда, ол бойжеткеннің фамилиясын ұмытып қалған және оның мекенжайы жазылған хаттарды жоғалтып алған. Ер адам екі рет үйленген, бойжеткен қызы бар.

"Егер ол тұрмыс құрған және күйеуі бар болса және бақытты ғұмыр кешіп жатса, мен оған тек жақсылық тілеймін. Ал егер ол да жалғызбасты болса, мен онымен кездесіп, өмірімнің қалған бөлігін бірге өткізгім келеді", – деп жалғастырды Мұқанов.

Қазір Лилия 50 жас шамасында болуы керек.

Оқи отырыңыз: Нұртас Адамбай америкалық отбасы асырап алған қызға анасын табуға көмектесті

"Қымбатты Лилия, егер сен мені естіп тұрсаң, мен сенің қайда тұрып жатқаныңды білгім келеді. Қазақстанда болсаң да, алыс шет елде болсаң да, мен саған келемін. Менің айтқаныма құлақ асуыңды, мені табуыңды қалаймын. Екеуміз бір-бірімізді іздеп жүрген секілдіміз. Маған солай сезіледі", – дейді Мұқанов.

Жаңалықтар
0