Қоғам

Қазақстандықтардан жүргізуші куәлігі қай күннен бастап талап етілмейтіні белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевАвтокөліктер
Автокөліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Бұрын жүргізуші куәлігі болмағаны үшін ескерту (егер алғаш рет болса) берілетін немесе 5 АЕК айыппұл салынатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. 13 ақпаннан бастап көлік иелерінен жүргізуші куәлігі талап етілмейді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлады.

"Жаңа заң осы жылдың 13 ақпанынан бастап күшіне енеді. Бұрын Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірі болмаған жағдайда ескерту (егер алғаш рет болса) берілетін немесе 5 АЕК (2021 жылы бұл сома 14 585 теңге – Sputnik) айыппұл салынатын. Енді жүргізушілерге көлік жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат – жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті", - деп жазды Тұрғымбаев Facebook-те.

Айтуынша, полицейлер Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлікті тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты планшет арқылы тексереді. Ал интернеті жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа норма тек Қазақстан азаматтарына қатысты.  Шетелдік нөмірі бар көліктер мен жүргізуші куәлігін шетелде алған жүргізушілер өзімен бірге барлық құжатты алып жүруі тиіс.

Жаңалықтар
0