Қоғам

ШҚО-дағы трагедия: денсаулық министрі желіде жазба жариялады

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте КазахстанаДенсаулық сақтау министрі Алексей Цой
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
Жол апаты салдарынан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельдшері – Болат Әзілханов пен Бейбіт Ғабдуллин көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шығыс Қазақстанда жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің отбасына көңіл айтты.

Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан және жеке өз атынан ШҚО-да жол апатынан қаза тапқан жедел жәрдем қызметінің дәрігері мен фельдшерінің отбасына қайғырып көңіл айтты.

Бұл туралы ол Instagram-да жазды.

"Бұл трагедия дәрігер болудың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына, жұмыстың ауырлығына, шаршағанына қарамастан, дәрігерлер өз кәсібін қашан да адал атқарады. Өкінішке қарай, науқас өмірін құтқаруға шыққан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельдшері – Болат Қапсаметұлы Әзілханов пен Бейбіт Төлеуғазыұлы Ғабдуллин көз жұмды", - деді Цой желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alexey Tsoy (@alexey_tsoy)

Қайғылы оқиға медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жайлы тағы бір ойлануға түрткі болып отыр. Қазір Семейдегі ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тілейміз, деп толықтырды министр.

Шығыс Қазақстандағы жол апаты

Қайғылы оқиға 3 ақпан күні болды.

"ДАФ" маркалы жүк көлігі Өскемен қаласынан Семейге бет алған. Артында тіркемесі болған. Кешкі сағат 19:25 шамасында 29 жастағы ер адам көктайғақ пен бұрқасын салдарынан рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "ГАЗ-A31R23" маркалы жедел жәрдем көлігімен соқтығысты.

© Photo : департамент полиции Восточно-Казахстанской областиШҚО-да "жедел жәрдем" жүк көлігімен соқтығысты
ШҚО-дағы трагедия: денсаулық министрі желіде жазба жариялады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
ШҚО-да "жедел жәрдем" жүк көлігімен соқтығысты

Салдарынан 1972 және 1979 жылғы екі дәрігер оқиға орнында қаза болды.

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Семей қаласының ауруханасына жеткізілді.

Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

Жаңалықтар
0