Қоғам

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сыртқы істер министрлігі арнайы операция өткізді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуСотрудники правоохранительных органов во время спецоперации, архивное фото
Сотрудники правоохранительных органов во время спецоперации, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
"Жусан" операциясы аясында Қазақстанның 7 азаматы Сириядан отанына оралды, олардың ішінде 1 әйел мен 2 жетім бала бар  

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып, Сириядан бір топ Қазақстан азаматын елге қайтару операциясын өткізді.

Арнайы операцияға АҚШ және өзге де халықаралық серіктестер қолдау көрсетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 бала болды.

"Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.

Оқи отырыңыз: Террористік топтардың қатарында қанша қазақстандық жүргені белгілі болды 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясы Тұңғыш президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған "Жусан" операциясының жалғасы болды. 

Жаңалықтар
0