Қоғам

Қазақстандықтар Каспийден тәулік бойы балық аулай алады – сенат заң қабылдады

© Sputnik / Ксения ВоронинаКаспийское море
Каспийское море - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
Заң Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараны қорғаудың экономикалық қызметі мен құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Сенат депутаттары Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға бағытталған заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа нормалар қазақстандық балықшыларға ішкі және аумақтық суларға тәуліктің кез келген уақытында балық аулауға шығуға мүмкіндік береді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң Каспийдегі мемлекеттік шекараны қорғаудың экономикалық қызметі мен құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір жануар Қызыл кітапқа енгізілді 

Сондай-ақ, аталған құжат ұлттық заңнаманы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерімен сәйкестендіреді.

Конвенцияға Каспий жағалауындағы елдердің басшылары 2018 жылы 12 тамызда қол қойған еді.

"Конвенцияның негізінде тиісті заңдарға ені 15 теңіз милін құрайтын аумақтық сулар туралы норма енгізіледі. Олардың сыртқы шегі мемлекеттік шекара мәртебесіне ие болады. Аумақтық суларға 10 мильдік балық аулау аймақтары қосылады. Онда әр мемлекет балық аулау бойынша айрықша құқықтарға ие", - деді сенат төрағасы.

Әшімбаев аталған заң мемлекеттік шекараны берік қорғауға, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Каспийде елдің экономикалық мүддесін жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ, заңның бірқатар нормасы су биологиялық ресурстарын сақтауға бағытталған.

Жаңалықтар
0