Қоғам

Белгілі қазақстандық журналист қайтыс болды

CC0 / GoranH / Әткеншектегі гүл, иллюстративті фото
Әткеншектегі гүл, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дорофеев Қазақстанның журналистика саласында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Ол соңғы кездері Informburo.kz ақпараттық-аналитикалық порталына жетекшілік етті

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. 31 арнадағы "Информбюро" бағдарламасының бас редакторы және Informburo.kz ақпараттық-аналитикалық порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды.

Бұл деректі Sputnik Қазақстанға Informburo.kz порталының қызметкері растады.

"Оның шамамен екі сағат бұрын қайтыс болғаны рас және неден көз жұмғаны белгісіз", – деді журналист Бағдат Қожахметов Sputnik Қазақстанға.

Михаил Дорофеев қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында 25 жылдан астам уақыт бойы еңбек етті.

Ол Атырау облысының жергілікті басылымдарында, кейін республикалық басылымдарда – КТК телеарнасы мен "Экспресс К", "Город" және "Мегаполис" газетінде бас редактордың орынбасары лауазымын атқарды.

Сондай-ақ, республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда "Астана қалалық телевидениесі" ЖШС-нің бас директоры және "Эра" телекомпаниясы" ЖШС-нің бас продюсері болды.

Михаил Дорофеев әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" ("Хабар") бағдарламасының жүргізушісі болды.

Оқи отырыңыз: Германияда Pfizer вакцинасын салдырған он адам қайтыс болды

Қазақстан Республикасы президентінің медиа саласындағы лауреаты (2018), Қазақстан Журналистика академиясының академигі.

Жаңалықтар
0