Қоғам

Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирустың "қызыл" аймағынан шықты

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди идут по заснеженной набережной в Нур-Султане
Люди идут по заснеженной набережной в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан және Алматымен бірге Атырау облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" орын ауыстырды. Ал Шығыс Қазақстан "жасыл" аймақтан "сарыға" кірді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақтан шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Сондай-ақ, Атырау облысы "қызылдан" "сары" аймаққа енді.

Шығыс Қазақстан облысы қауіпті емес "жасыл" аймақтан "сарыға" ауысты.

2021 жылдың 30 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы:

  • "қызыл" аймақта – Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстары;
  • "жасыл" аймақта – қалған барлық өңір.

Қазақстан Республикасы тұтастай алғанда әлі "қызыл" аймақта тұр.

Бұған дейін Павлодар облысында коронавирус инфекциясына қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты төрт ауданда санитарлық бекет қойылатыны хабарланған болатын.  

Жаңалықтар
0