13:15 26 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD414.77
  • EUR506.81
  • RUB5.64
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (75)
195 0 0

Ақпанның басында зейнетақы жинағының бір бөлігін жасанды ұрықтандыру үшін пайдалану қағидалары жарияланады деп жоспарланып отыр

АЛМАТЫ, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтар зейнетақы жинағының артығын экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) қызметіне жұмсай алады. Бұл туралы "Отбасы банктің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы отырысында айтылған мамандар пікіріне сүйене отырып, қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне сегізінші мақсат қосылды. Ол "көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар" деп аталады. Оның ішінде ЭКҰ процедурасы да бар", – деді әлеуметтік желіде қазақстандықтардың сауалына жауап берген Ибрагимова.

ЭКҰ жүргізу үшін зейнетақы жинағын пайдалану қағидалары келесі аптада жарияланады.

"Репродукцияға байланысты мәселесі бар отбасылар зейнетақы жинағын ЭКҰ жасауға пайдалана алады", – деп хабарлады Ибрагимова.

Айта кетейік, 23 қаңтардан бастап "Отбасы банк" (бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау үшін Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасын іске қосты. Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсай алады.

Оқи отырыңыз: Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді

Келешекте қаражатты емделуге және инвестициялау үшін алуға мүмкіндік беру жоспарланған.

Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (75)

Тақырып бойынша

Елімізде "Аңсаған сәби" бағдарламасы іске қосылады
Елордада сайлау күні қанша сәби дүниеге келді
Жаңа туған сәби жерде жатыр: басқарма перзентханада түсірілген суретке түсініктеме берді
Тоңазытқыштағы сәби өлімі: сотталғандардың әріптестері сот үкімін жеңілдетуді сұрады
Сәби аңқасына кептелген әшекей бұйым маңғыстаулық дәрігерлерді әбігерге салды – фото
Кілт сөздер:
ақша, зейнетақы қоры
Загрузка...

Басты тақырып