Қоғам

Қуат Хамитов партия құратынын мәлімдеді

Жазылу
Спортшы сот отырысынан соң бірден саясатқа жол тартпақ. Ол партияның атауын да ойластырып қойған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар - Sputnik. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов "халық үнін" жеткізу үшін өз партиясын құруға мәжбүр болғанын жеткізді. 

"Мен партия ашатынымды ресми түрде жариялаймын. Мұны қаламаған едім, алайда мемлекет бұл істі жеделдетті. Партия халық үні естілуі үшін ашылады. Менің есігім кез келген адам үшін ашық. Қалаған адам партияға қосыла алады", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

2015 жылы "Найман" Nur Otan партиясының құрамына қосылған еді, кейін шығып кетті.

Еске сала кетсек, бүгін, 28 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы ауданында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі бойынша Қуат Хамитов кінәлі деп танылды.

Қуат Хамитов билік өкілдеріне белсенді түрде бағынбауға шақырған видеосы үшін сотқа шақырылған болатын. Спортшы жасаған әрекетін толық мойындады. Қуат Хамитов кінәлі деп танылып, алты ай бас бостандығынан шектеу туралы үкім тағайындалды.

2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеген болатын. Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.

Тағы оқыңыз: Бас бостандығы шектелген Хамитов енді немен айналысады

Жаңалықтар
0