Қоғам

Алмас Қосынов өмірден озды

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуЦветы и свечи, архивное фото
Цветы и свечи, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол бірнеше ұлттық компанияға басшылық еткен болатын. Қосыновтың неден көз жұмғаны хабарланған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар — Sputnik. Қазақстан аэроғарыш комитетінің бұрынғы төрағасы Алмас Қосынов 72 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Ақпаратты Sputnik Қазақстанға "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы растады. 

Алмас Қосынов 1949 жылы Алматыда туған. Түрлі жылдары Қазақстанның аэроғарыш комитетінің төрағасы, "Қазкосмос" ұлттық компаниясының вице-президенті, "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясының президенті болды.

Сондай-ақ, индустрия және сауда вице-министрі, "Қазатомпром" әкімшілігі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Жоғары технологиялар институтының бас директоры болған.

Жаңалықтар
0