09:57 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4772 0 0

Ахметов алдағы уақытта қоғамдағы өзекті мәселелер мен жастардың жағдайын жақсартуға қатысты сұрақтарды көтеріп, шешілуін қадағалайтынын айтты

АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. 25 жасында мәжіліс депутаты атанған Мәди Ахметов елордаға қоныс аударғанын, ортаға бейімделіп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар жаңа қызметіне байланысты сын айтқандарға жауап берді.

"Қымбатты ағайын, менің тарапыма сын да айтылды, теріс пікірлер де болды. Мен туралы білместен, жеке басыма өтіп, ата-анама сөз тигізгендер де табылды. Халқымызда "жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады" деген ұлағатты сөз бар. Соны ұмытпаған абзал. Айналып келгенде, бәріміз бір қазақтың баласымыз, қанымыз бір", – деп жазды Ахметов Facebook парақшасында.

Ол сондай-ақ өзін қолдап, ақ тілек жолдап, сенім артқандарға алғыс айтты. Өзі туып-өскен Алматы қаласының көркейіп, дамуы жолында жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Алдағы уақытта қоғамдағы өзекті мәселелер мен жастардың жағдайын жақсартуға қатысты сұрақтарды көтеріп, шешілуін қадағалаймын, деп жазды ол.

"Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бір-біріміздің пікірімізге құлақ салып, бірлесе жұмыс істейік. Мақсатымыз ортақ, "илегеніміз бір терінің пұшпағы".  Сондықтан сіздердің тұщымды ұсыныс-пікірлеріңізге әрдайым ашықпын", – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, мәжіліс сайлауынан кейін Мәди Ахметовті сынға ұшырады. Көпшілік оның 2019 жылы Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Көшбасшылыққа 30 жыл" халықаралық ғылыми конференциясында тұңғыш президентке ескерткіш орнату туралы ұсынысын еске алған болатын.

"Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біз жастар атынан мемлекетіміздің негізін қалаушы ретінде және еліміздің дамуына қосқан елеулі үлесіңіз үшін Алматыдағы Назарбаев даңғылында сіздің ескерткішіңізді орнатуға қатысты ұсынысымызды қабылдауыңызды сұраймыз", – деді Мәди Ахметов.

Оқи отырыңыз: "Ұйықтау үшін келген жоқпын": Нұрлан Әлімжанов өзін сынағандарға жауап берді

Ол кезде Ахметов "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы еді.

Нұрсұлтан Назарбаев өзіне ескерткіш қоюға қарсы екенін айтты.

Мәди Ахметов 1995 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Мәжіліс депутаты қызметіне дейін "Жас Отан" жастар қанатының Алматы қалалық филиалын басқарды.

Тақырып бойынша

Мәжіліс сайлауы: қазақстандықтар қандай өзгеріс күтетінін айтты - видео
"Сын айтқандарға да рахмет": Жұмағұлов UFC-дегі екінші жеңілісі туралы пікір білдірді
Депутат қазақстандықтардың жалақысы жайлы: ешқандай сын көтермейді
Nur Otan-нан кеткен экс-депутат халық үкіметін құруды ұсынды
Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатындағы ең жас депутат атанды
Кілт сөздер:
жастар, депутат
Загрузка...

Басты тақырып