Қоғам

Мемлекет басшысы қарашаға дейін Жер кодексіне түзету енгізуді тапсырды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуВыращивание риса
Выращивание риса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыл халқы экономика, өңірлік даму және тең мүмкіндік беру тұрғысынан жаңа әрі серпінді шешімдер күтіп отыр, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий мерзімі аяқталады. Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануы тиіс. Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, президент жайылымдар мәселесіне тоқталды. Айтуынша, бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. 

"Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда", - деді мемлекет басшысы.

Жайылымдардың 99 проценті шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда, оның 36 процентінде ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке бас прокуратурамен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын, деп жалғастырды ол.

"Ауыл халқы экономика, өңірлік даму және тең мүмкіндік беру тұрғысынан жаңа әрі серпінді шешімдер күтіп отыр. Менің тапсырмаммен Агроөнеркәсіп кешені туралы ұлттық жоба әзірленіп жатыр. Алдағы бес жылда бұл мәселені шешуге тиіспіз", - деді Тоқаев.

Жаңалықтар
0