Қоғам

Вакцинацияның қазақстандық электронды төлқұжаты туралы не білеміз

© REUTERS / ANTON VAGANOVПроизводство вакцины "Спутник V"
Производство вакцины Спутник V - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі ағзасында коронавирусқа қарсы антиденелер бар азаматтар екпе салдыруы керек пе деген сұраққа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияның электронды төлқұжаты мобильдік қосымша түрінде іске қосылатынын хабарлады.

"Электронды төлқұжат– бұл вакцина салдырудың медициналық тарихы. Бұл вакцина алатын азаматтарды үздіксіз бақылау мен мониторинг жүргізудің басты модулі", - деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта вакцинациялаудың электронды төлқұжатын әзірлеу аяқталуға жақын. 

Қызмет медицина қызметкерлері үшін денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, емделушілер үшін eGov Mobile мобильдік қосымшасын қолдану арқылы іске асырылады. 

"Вакциналаудың электронды паспорты екпе салдырғаннан кейін eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. Құжатта азамат туралы, салдыртқан екпе түрі, вакциналау жүргізудің кезеңдері туралы, сондай-ақ, екпе салдырғаннан кейінгі бақылау туралы ақпарат болады", - деді министрлікте. 

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев вакциналауға дайындық кезінде ағзадағы антиденелер туралы мәлімет қажет болмайтынын айтты. 

Дәрігерлер коронавируспен ауырғаннан соң тек жарты жылдан кейін екпе салдыруға кеңес береді. 

Қазақстанда коронавирусты инфекцияға қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салу 1 ақпанда басталады. Бірінші кезекте инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық көмек, жансақтау бөлімдері, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ауруханалардағы қабылдау бөлімдерінің қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мамандарға екпе салынады. Бұл шамамен 100 мың адам.

Жаңалықтар
0