04:48 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1256 0 0

Өрт сөндірушілер 3-қабаттың терезесіне үш иінді баспалдақ орнатып, улы газдан зардап шеккен ер адамды құтқарды

АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында әйел өрт кезінде үшінші қабаттан секіріп кетті. Ол омыртқасын жарақаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 24 қаңтарда сағат 06:57-де Абай ауданы Дубовка ауылындағы пәтерден түтін шыққаны хабарланған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін әйел үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын жарақаттады.

"Өрт сөндіру бөлімдері келген уақытта пәтер ашық күйде жанып жатты. Өрт сөндірушілер 3-қабаттың терезесіне үш иінді баспалдақ орнатып, улы газдан зардап шеккен ер адамды құтқарды", - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қарағанды облысының ТЖД (@qaragandy_tjd)

Өрттің жалпы ауданы – 75 шаршы метр. Үш пәтердегі тұрмыстық заттар, жиһаздар, ағаш еден жанған.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 4 техника жұмылдырылды. Өрттің шығуына ашық от себеп болған.

Тақырып бойынша

Қарағандыда контейнерден ер адамның мәйіті табылды
Қарағандыда 700 млн теңгеге жалған құжат жасағандар ұсталды
Алматыда көлік өртеніп кетті – видео
Туысы тауып алған: Аягөзде әйел мен оның 13 жастағы ұлы көз жұмды
Қазақстандық әйел баннердегі сурет үшін әкімдіктен миллион теңге сұрап отыр
Кілт сөздер:
терезе, әйел, Қарағанды
Загрузка...

Басты тақырып