Қоғам

Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане
Люди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді жүктеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.

Министр мемлекет басшысына өңірлердегі эпидемиялық жағдай туралы, соның ішінде, карантин шараларының күшейтілуі және ұлттық  денсаулық сақтау жүйесінің қолда бар ресурстары жайында мәлімет берді. Цой жұқпалы аурулар стационарларындағы дертке шалдыққан адамдар жататын орындардың 33 процентке, жансақтау бөлімдерінде бұл көрсеткіш 21 процентке толғанын айтты.  

Денсаулық министрі COVID-19 жұқтырғандар санының көбеюіне қарамастан, еліміздегі ахуалдың бақылауда тұрғанын және медициналық қызметтің азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.  

Ол елімізде адамдардың коронавирустан қайтыс болу деңгейі былтырғы шілде айымен салыстырғанда 4 есе төмендегенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, халықты уақытылы әрі толық құлақтандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді жүктеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, 1 миллион адамға шаққандағы індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында тұр. Ал өткізілген тест сынамаларының саны бойынша 67-ші, өлім-жітім бойынша 94-ші, COVID-19 індетінен жазылып шыққандар саны бойынша 48-ші, дерттің ауыр тиюі тұрғысынан 50-орында.

Жаңалықтар
0