Қоғам

Баспанаға – 15 млн теңге: Әлия Назарбаева ақша сұраған қазақстандықтарға жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневӘлия Назарбаева
Әлия Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызына материалдық көмек сұрап, жиі хат жолдайтын көрінеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаева өзіне қазақстандықтардан материалдық көмек көрсету туралы хаттар көп түсетінін айтты.

Назарбаева өз аккаунтында өзінен көмек сұраған қолданушылардың бірінің хатын жариялады.

"Пәтер сатып алуға көмектесуіңізді өтінемін, қарызға 15 миллион теңге беріңізші. Мен ай сайын сіздің шотыңызға жалақымнан  60-70 мың теңге аударып тұрамын", - деп жазған қазақстандық.

Назарбаева мұндай хаттар оған жиі түсетінін жеткізді. Бірақ, ол барлық адамның қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандыра алмайтынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Мен қоғамдық маңызы бар дүниелермен айналысамын, бизнес-жобалар, қайырымдылық жобалары бар. Бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!", - деді Назарбаева.

Ол Қор баспана, жұмысқа орналастыру мәселелерімен айналыспайтынын және мемлекеттік органдардың істеріне араласпайтынын атап өтті.

"Бәріне бірдей көмектесу сіздің игі іспен айналысып жүргеніңізді білдірмейді! Кейде бас тарту – өз ниетіңе берік болу! Ал менің мақсатым – экология және білім жолында еңбектену!", - деді Елбасының қызы.

Жаңалықтар
0