Қоғам

Қазақстанда жаңа бес әуе бағыты ашылады  

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСамолет Airbus A320
Самолет Airbus A320 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа бағыттарға рейстер осы жылдың наурыз-мамыр айларынан бастап ашылады. Билетті қазір сатып алуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясы жаңа бес бағытты іске қосады.  

"Жақында сегізінші Airbus A320 бізге қосылады, біз жаңа бес бағыт бойынша ұшамыз", - деп жазылған компанияның Facebook парақшасында.  

Билетті FlyArystan App мобильді қосымшасында сатып алуға және жаңа бағыттардың бірін таңдауға болады:

  • Ақтау – Қызылорда – Ақтау (17 наурыздан бастап),
  • Атырау – Түркістан (28 наурыздан бастап),
  • Шымкент – Семей (3 мамырдан бастап),
  • Шымкент – Ақтөбе (1 мамырдан бастап),
  • Шымкент – Орал (1 мамырдан бастап).

2021 жылдың 31 қазанына дейінгі рейстерге 34 бағыт бойынша билет сатылып жатыр.

FlyArystan – қазақстандық жалғыз лоукостер, Air Astana-ның еншілес компаниясы. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді, билет құнын арзандату мақсатында ашылды.    

Жаңалықтар
0