Қоғам

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгерді

© Photo : Правительство для гражданУслуги, оказываемые в ЦОНах
Услуги, оказываемые в ЦОНах  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды және тағы бірқатар қаладағы ХҚКО-лар азаматтарды алдын ала жазылу арқылы қабылдайды  

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның кейбір өңірлерінде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды қатаң түрде тек алдын ала жасалған бронь негізінде қабылдайды, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ.

"Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өңірлердің бас санитар дәрігерлері Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Талдықорған, Шымкент, Теміртау, Өскемен және Семей қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы бойынша арнайы шешім шығарды. Енді келушілер тек алдын ала жазылу арқылы қабылданады", - деп жазылған хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның төрт облысында коронавирусқа байланысты 19 бекет қойылды 

Айта кетейік, бұл өзгерістер ауылды жерлер мен аудан орталықтарындағы ХҚКО жұмысына еш әсер етпейді.

ХҚКО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚКО-да санитайзерлер бар.

"Фронт-кеңселердегі әріптестеріміз қызмет алушылармен тікелей байланыста болады. Біз келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз", – дейді мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Қожықов.

Ол жіті респираторлы және инфекциялық жұқпалы ауру белгілерін байқаған қызмет алушыларды ХҚКО-ға келуден бас тартуға шақырды.

Броньдауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электронды үкімет порталын, eGovKzBot2.0. телеграм-ботын пайдалана алады немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады. Броньдау рәсімінен кейін ол азаматқа ХҚКО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады.

Барлық ХҚКО сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Атыраудағы арнайы ХҚКО жұмысы сағат 20:00-ге дейін созылады.

Жаңалықтар
0