10:34 25 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD415.57
  • EUR505.37
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (74)
6833 0 0

Ерікті зейнетақы жарналары өткен жылдың қорытындысы бойынша рекордтық 538,7 миллион теңгені құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 1,5 есе көп

АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Желтоқсанда инвестициялық табысты қоса алғанда, БЖЗҚ активтері 193 миллиард теңгеге өсті. Сондықтан да мерзімінен бұрын алуға болатын қаражат көлемі де ұлғайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-да жинақталған зейнетақы активтерінің көлемі желтоқсанда 193 миллиардқа, 12,913 триллион теңгеге дейін өскенін жария етті.

"Бұған дейін БЖЗҚ-да 2020 жылдың 1 желтоқсанында 12,72 триллион теңгенің 2,5 триллион теңгесін алуға болатыны айтылды. Ал оны қордың 761,4 мың салымшысының арасында бөлу көзделген. Зейнетақы активтерінің өсуіне байланысты "артық" қаражат көлемі ұлғайды, алайда қаншалықты көбейгені белгісіз", – делінген ақпаратта.

Негізгі өсім міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналды. 2020 жылдың соңына қарай қазақстандықтар 122 миллиард теңге аударды. Өткен жылы міндетті зейнетақы жарналары 1,038 триллион теңгеден асты. Ерікті зейнетақы жарналары өткен жылдың қорытындысы бойынша рекордтық 538,7 миллион теңгені құрады, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 1,5 есе көп.

БЖЗҚ активтері өсімі бойынша екінші орында инвестициялық табыс тұр.

Желтоқсанда есептелген кіріс көлемі 90,3 миллиард теңгені құрады, ал 2020 жылдың қорытындысы бойынша – 1,262 триллион теңге, оның ішінде 1,219 триллион теңгесі салымшылардың шоттарына қайта бөлінді. 2020 жылы БЖЗҚ төлемдері 193 миллиард теңгеден асты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8 пайызға аз.

Оқи отырыңыз: БЖЗҚ жыл басынан бері қазақстандықтарға қанша ақша төледі

Айта кетейік, бұған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеруге болатын жаңа сервисті іске қосты.

Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (74)

Тақырып бойынша

БЖЗҚ 24 миллиард теңгеге жуық қарызын қайтарып алды
Ай сайын – 506 мың теңге: БЖЗҚ зейнетақыға қатысты ақпарат жариялады
БЖЗҚ салымшылары тоғыз айда 1 триллион теңге инвестициялық табыс алды
БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады
Зейнетақы жинағын пайдалану үшін қанша уақыт беріледі – БЖЗҚ түсіндірді  
Зейнетақы жинағын пайдалану: БЖЗҚ жеткіліктілік шегі туралы ақпарат таратты
Кілт сөздер:
зейнетақы жинағы, зейнетақы
Загрузка...

Басты тақырып