Қоғам

Балаларға мүгедектік 7 жастан берілуі мүмкін – мәжіліске заң жобасы түсті

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуРебенок с детским церебральным параличом
Ребенок с детским церебральным параличом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта мүгедектігі бар балалардың 4 санаты бар: 16 жасқа дейінгі мүгедек бала, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек бала

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін мүгедектік топтарын белгілеуді көздейтін заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жетінші шақырылымдағы мәжіліс "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетованың айтуынша, заң жобасы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Өзгерістер мен толықтырулар мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыруды ынталандыру жөнінде шаралар қолдануды, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін жетілдіруді көздейді.

"Бұдан басқа, 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін мүгедектік топтарын белгілеу, мүгедек бала 18 жасқа толғаннан кейін тәрбиелеп отырған отбасы үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезектілікті сақтау көзделеді", - деді депутат.

Заң жобасында 75 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр.

Комитет заң жобасы бойынша 2021 жылдың 8 желтоқсанына дейін қорытынды әзірлейді.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар балалардың 4 санаты бар: 16 жасқа дейінгі мүгедек бала, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек бала.

Мүгедектік тобы балаларға 16 жастан бастап белгіленеді.

Жаңалықтар
0