Қоғам

Қай өңір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр

© Sputnik / Владислав ВодневҚашықтық сақтау ескертпесі
Қашықтық сақтау ескертпесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте Қазақстанда 999 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, 18 адам пневмонияға шалдықты

АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

2021 жылдың 19 қаңтарындағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау көрсеткішіне сәйкес:

  • "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысы;
  • "Сары" аймақта Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысы;
  • "Жасыл" аймақта Алматы мен Шымкент қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысы тұр.

Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа 16 қаңтарда кірді. Елордада карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.

Оқи отырыңыз: Карантин, коменданттық сағат және қатаң жаза: адамзат коронавируспен қалай күресті?

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 999 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, 18 адам пневмонияға шалдықты.

Жаңалықтар
0