Қоғам

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады

CC0 / Miroslavik / Ежедневник
Ежедневник  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2021 жылдың ақпанында 28 күн бар. Бірінші ақпан дүйсенбіге тура келеді, соған байланысты бір айда төрт сенбі мен жексенбі бар

АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер жоқ, сол себепті қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады.

2021 жылдың ақпанында 28 күн бар. Бірінші ақпан дүйсенбіге тура келеді, соған байланысты бір айда төрт сенбі мен жексенбі бар.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 6-7, 13-14, 20-21, 27 және 28 ақпанда демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 7, 14, 21 және 28 ақпанда демалады.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы қазақстандықтар неше күн демалады 

Қазақстанда және бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған басқа да елдерде 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан жерінен шығарылған күні. Бұл барлық қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу күні, алайда бұл күні демалыс берілмейді.

Жалпы алғанда 2021 жылы қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 120 күн, алты күндік жұмыс аптасында 68 күн демалады.

Ең ұзақ демалыс көктемде болады – демалыс күндерінің саны мерекелермен бірге 33 күнді құрайды.

Жаңалықтар
0