Қоғам

Үкіметтің жаңа мүшелері ант берді

Жазылу
Президенттің жарлығымен үкіметтің екі мүшесі – ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жаңадан тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстан үкіметінің жаңадан тағайындалған екі мүшесі бүгін, 19 қаңтарда ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кеше президенттің жарлығымен үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Үкіметтің екі мүшесі жаңадан тағайындалды. Олар: ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов.

© Photo : primeminister.kzЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов
Үкіметтің жаңа мүшелері ант берді - Sputnik Қазақстан
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов

19 қаңтарда жаңартылған үкіметтің алғашқы отырысында министр лауазымына кіріскен басшылар салтанатты түрде ант берді.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!" - деді олар.

Оқи отырыңыз: Мамин үкіметтің жаңа құрамы халықтың тұрмысын жақсартумен айналысатынын айтты 

Айта кетсек, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін Біржан Нұрымбетов басқарды. Ал Серік Шәпкенов 2020 жылдың маусым айынан бері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарып келген еді.

Ал ұлттық экономика министрі болған Әсет Ерғалиев – үкімет мүшелерінің арасындағы ең жасы. Ол 34 жасында министрлік тізгінін қолына алды. Ерғалиев бұл қызметте Руслан Дәленовті алмастырды.

Жаңалықтар
0