Қоғам

Күн суытады: үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

© Photo : Pixabay / PexelsДорога зимой
Дорога зимой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21 қаңтарда Қазақстанның батысында жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы түнде -22...-30℃ дейін төмендейді

АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның батысында алдағы үш тәулікте күн суытады. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклон орталығы Каспий теңізінің үстімен солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жауын-шашын әкеледі, жел күшейеді. Солтүстікте боран, оңтүстікте көктайғақ болады.

"21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы түнде -22...-30℃ дейін төмендейді", - делінген ақпаратта.

Мегаполистердегі ауа райы

Алматыда 19 қаңтарда күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +6...+8 градус, түнде -2...-4 градус болады. 20 қаңтарда сынап бағанасы күндіз +5...+7℃, түнде -1...-3 градусты көрсетеді.

Нұр-Сұлтанда 19 қаңтарда күндіз -6...-8℃, түнде -13...-15℃ суық болады. 20 желтоқсанда қар жауады, күндіз -3...-5℃, түнде -10...-12℃.

Шымкентте 19 желтоқсанда күндіз +13...+15℃, түнде +1...+3℃.   20 қаңтарда күндіз +8...+10℃, түнде +1...+3℃ болады. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында 19 қаңтарда күндіз күн ашық болады, ауа температурасы -13...-18℃, кей жерлерде -10°C көрсетеді. Түнде -25...-30, кей жерлерде -20°C. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Облыстың кей жерінде, 19 қаңтарда Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі. 20 қаңтарда қар жауады, күндіз -5...-10 градус, кей жерлерде 13°C болады. Облыста түнде де қар жауады, ауа температурасы – минус 15-18 градус, кей жерде -18 градусқа жетеді.

Ақтөбе облысында қар жауады, күндіз – минус 3-8 градус, түнде 11-16 градус. Облыстың кей жерлерінде түнде тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын соғады. 20 қаңтарда қар жауып, ауа температурасы -10...-15 градус, облыстың оңтүстігінде -7°C болады. Түнде сынап бағанасы 15...-20 градусты көрсетсе, батыста -23 градусқа жетеді. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде – 15-23 м/с.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Алматы облысында күн жылы болады, күндіз +5...+10, кей жерлерде 0...-5, облыс солтүстігінде -10°C. Түнде бұлтты болады, ауа температурасы 0...-5, кей жерлерде -10...-15, облыс солтүстігінде -19°C. 20 қаңтарда қар жауады, күндіз +2...+7, кей жерлерде -2...-7°C. Түнде 1...-6, кей жерлерде -10...-15, облыстың солтүстігінде -20°C болады. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде – 15-23 м/с.

Атырау облысында қар аралас жаңбыр жауады, күндіз -3...-8 облыстың солтүстігінде -11°C. Түнде қар жауады, ауа температурасы -4...-9, облыстың солтүстігінде -13 C болады. 20 қаңтарда облыстың солтүстігінде -13°C, түнде -10...-15, облыстың солтүстігінде -18°C. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде – 15-20 м/с.

19 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында күн бұлтты болады, тұман түседі, күндіз -3...-8 градус, түнде 13...-18 градус суық болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с болады. 20 қаңтарда қар жауады, күндіз 0...-5 градус, кей жерлерде -10...-15°C болады. Түнде -13...-18, кей жерлерде -23...-28°C. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде –20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында қар жауады, 19 қаңтар күндіз ауа температурасы -10...-15 градус, оңтүстігінде -6 градусқа жетеді. Түнде -14...-19 градус, облыстың оңтүстігінде -10 градус суық. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Облыстың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. 20 қаңтарда күндіз -13...-18 градус, оңтүстігінде -10 градус, түнде ауа температурасы -18...-23 градусқа түссе, облыстың оңтүстігінде -15 градус суық болады.

Маңғыстау облысында 19-20 қаңтарда қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -3...+2 градус болады. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Облыста тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында күн бұлтты болады, 19 қаңтар күндіз -15...-20 градус, облыстың оңтүстік-батысында -11°C болады.  Түнде -24...-29 градусқа жетеді, кей жерде -20 градус. Желдің жылдамдығы – 7-12 м/с.

Қарағанды облысында 19 қаңтарда облыстың кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с болады.

Түркістан облысында 19 қаңтарда кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.  

Қызылорда облысында 19 қаңтарда қар жауады, күндіз +2...+7, облыстың оңтүстігінде +10, облыстың солтүстігінде -2°C. Түнде -5...-10, кей жерлерде -13, облыстың оңтүстігінде -1°C.

Қостанай облысында 19 қаңтарда қар жауады, күндіз -12...-17, облыстың оңтүстігінде -7°C, түнде -25...-30, облыстың онтүстігінде -15...-20°C суық болады.

Жаңалықтар
0