10:25 25 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD415.57
  • EUR505.37
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
507710

Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Асқар Мамин премьер-министр болып сайланды. Отырысқа қатысқан 99 депутаттың 78-сі Маминді қолдап дауыс берсе, 21 адам қалыс қалды

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан халық партиясының көшбасшысы Айқын Қоңыров мәжіліс отырысында ҚХП фракциясы мемлекет басшысының премьер-министр Асқар Маминді қайтадан үкімет басшысы етіп тағайындау туралы ұсынысын қолдамайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол партия мүшелерінің қазақстандықтармен кездесу кезінде президенттің тапсырмалары баяу орындалатыны туралы халықтың наразылық білдіргенін жеткізді.

"Біздің халқымыз өте шыдамды және мейірімді. Халыққа сіз секілді ашық айтар болса, олар бәрін түсінеді, алайда үкімет мұны түсінген жоқ. Үкімет халыққа сенім ұялататын жүйе құра алмады. Пандемия және шикізат бағасының құлдырауы халық табысының төмендеуіне әкелді. Азаматтар өз табыстарының 50%-тен астамын тек азық-түлікке жұмсады, себебі Қазақстанда азық-түліктің бағасы ЕАЭО-да ең қымбат болып отыр. Ал үкімет статистиканы түзеп қана отыр", – деді Қоңыров.

Айтуынша, бұл халыққа ұнамайды, себебі ол сандар адамды тойдырмайды, несиені төлеп бермейді.

Қоңыров қандай уәж айтты

Сонымен қатар Қоңыров ел президентіне Қазақстан халық партиясының мәжіліс және мәлихат депутаттары үкімет пен әкімдердің қарапайым халық мәселесін шешуден қашпауы үшін бәрін істейтінін айтты.

"Президент мырза, бүгін Қазақстанның халық партиясының фракциясы, өкінішке орай, сіздің премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Маминді, оның министрлер кабинетінің мүшелерін қызметінде сақтау туралы ұсынысыңызды қолдай алмайды және дауыс беру кезінде қалыс қалады", – деді Айқын Қоңыров.

Парламент құрамы
© Sputnik
Парламенттегі тағайындаулар

Айта кетейік, президент мәжілістің жалпы отырысына қатысты. Отырыста мемлекет басшысы премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Асқар Мамин премьер-министр болып сайланды. Маминге отырысқа қатысқан 99 депутаттың 78-і қолдап дауыс берді, 21 адам қалыс қалды.

Тақырып бойынша

"Бәріне қарсымын": сайлау бюллетенінде тағы бір таңдау ұяшығы болады  
Енді қазақстандықтар балықты көп жейді – үкімет бағдарлама қабылдады
Пандемия кезіндегі сайлау қалай өтті – фото
Үкімет балаларды Сәбилер үйінде қалдыру мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр  
Үкімет Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе тасымалына қатысты түсініктеме берді
Кілт сөздер:
Мәжіліс, президент, үкімет
Загрузка...

Басты тақырып