Қоғам

Тоқаев жаңарған парламенттің бірлескен отырысын ашты

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жетінші шақырылған парламенттің алғашқы сессиясы басталды. Жиынға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президент мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды. Содан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда парламентте үндеу жасайтынын мәлімдеді. Ол мәжіліс сайлауында дауыс бергеннен кейін реформалар әзірленіп жатқанын айтты.

Парламент жаңа шақырылымының алғашқы сессиясы өтеді – қаулы шықты

Еске сала кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Қорытындысына сәйкес, парламент төменгі палатасына үш партия өтті – Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистік партия).

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.

Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Жаңалықтар
0