14:19 19 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
87 0 0

Қазақстанда 15 қаңтарда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет мамандары жұма, 15 қаңтардағы ауа райына болжам жасады.   

Мегаполистердегі ауа райы

Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда күн бұлтты болады, ауа температурасы күндіз -1...-3 градус, түнде -9...-11°C көрсетеді.

Нұр-Сұлтанда күндіз ауа температурасы -11...-13°C, түнде -27...-29°C болады. Желдің жылдамдығы – 3-8м/с.

Шымкентте күн бұлтты болады, сынап бағанасы күндіз +14...+16°C, түнде – 0...+2°C. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында күн бұлтты болады, ауа температурасы күндіз -10...-15°C, түнде -20...-30°C. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с.

Ақтөбе облысында қар жауады, күндіз -2...-7°C, кей жерде -10°C-қа жетеді. Түнде қар жауып, ауа температурасы -6...-11 градус болады, облыстың солтүстік-шығысында -15°C.

Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с-қа жетеді. Желдің екпіні – 25 м/с.

Алматы облысында күндіз -1...-6, кей жерлерде -9, облыстың солтүстігінде -13...-18 °C. Түнде -9...-14, кей жерлерде -18...-23, облыстың солтүстігінде -28°C. Желдің жылдамдығы – 9...-14, күндіз Жалаңашкөл аумағында, облыстың оңтүстік-шығысында – 15-20 м/с.

Атырау облысында қар аралас жаңбыр жауады, күндіз 0...+5, облыстың солтүстігінде -3°C. Түнде -3...+2, облыстың солтүстігінде -6°C болады. Облыстың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында күн бұлтты болады, ауа температурасы күндіз -21...-26, кей жерлерде -17°C-қа жетеді. Түнде -25...-30, кей жерлерде -33 °C.

Қарағанды облысында күндіз -10...-15, кей жерлерінде -18, облыстың оңтүстік-батысында -5°C. Түнде -22...-27, кей жерлерінде -30 градус, облыстың оңтүстік-батысында -15°C. Кей жерде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с.

Қостанай облысында күндіз қар жауады, ауа температурасы -5...-10, кей жерлерде -13°C. Түнде -19...-24, облыстың солтүстігінде -27...-32°C болады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады   

Қызылорда облысында күндіз 0...-5, облыстың оңтүстігінде +4°C болады. Ал түнде -8...-11 градус суық болады, кей жерде -16 градус. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с-қа жетеді. Желдің екпіні – 23 м/с.

Павлодар облысында күндіз күн ашық болады, ауа температурасы -18...-23 градусты көрсетеді. Түнде -27...-32 градус суық болады, кей жерде -35 градусқа жетеді. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз -10...-15, кей жерлерде -18°C, түнде -22...-27, кей жерлерде -30°C болады. Облыстың кей жерінде тұман түседі, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с-қа жетеді. Желдің екпіні – 20 м/с.

Түркістан облысында күндіз күн ашық болады, күндіз +12...+17, кей жерлерде +8, облыстың солтүстігінде +1°C болады. Түнде -3...+2, кей жерлерде -8, облыстың солтүстігінде -13°C-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз қар жауады, -1...-6, облыстың оңтүстігінде +3°C. Түнде -5...-10, облыстың оңтүстігінде -1°C болады. Облыстың кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысында күндіз -2...-7, кей жерлерде -10...-15°C болады деп болжанды. Түнде -8...-13, кей жерлерде -18...-23°C. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с-қа жетеді. Желдің екпіні – 23-28 м/с.

Маңғыстау облысында қар жауады, күндіз ауа температурасы +7...+12, облыстың солтүстігінде +2°C. Түнде 0...+5, облыстың солтүстігінде -4°C. Түнде және таңертең облыстың кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Кілт сөздер:
тұман, көктайғақ, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып