15:16 19 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1993)
16 0 0

Пандемия басталғалы Қазақстанда 165 311 адамда коронавирус анықталды. 2 380 науқас көз жұмғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болғанын хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, кешеден бері республика бойынша 3 адам коронавирустан, ковидтік пневмониядан 2 адам көз жұмды. Бір күн бұрын қайтыс болғандардың саны екі есе артық тіркелген.

13-14 қаңтар аралығында коронавирус 834 адамда анықталса, ковидтік пневмония 91 адамда тіркелді. 
Қазіргі кезде 23 608 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олар: 

  • 11 759 науқас (КВИ+) 
  • 11 849 науқаст (КВИ-) 

Стационарларда 5 850 пациент жатыр. Ал 17 758 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. Науқастардың жағдайы әртүрлі. 

  • 272 адамның жағдайы ауыр;
  • 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 51 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр;

Айта кетейік, пандемия басталғалы Қазақстанда 165 311 адамда коронавирус анықталды. 2 380 науқас қайтыс болды. Бұдан бөлек, өткен жылдың тамыз айынан бері коронавирусқа ұқсас пневмония да тіркелді. Осы диагноз 46 590 адамға қойылды, 532 науқас көз жұмды.

 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1993)

Тақырып бойынша

Қиясов Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы туралы айтты
Денсаулық министрлігі COVID-19-дың екінші толқыны басталғанын хабарлады
Қазақстандағы COVID-19: денсаулық министрлігі соңғы ақпаратты хабарлады
47 жастағы әйелдің ағзасында коронавирустың 18 мутациясы анықталды
Адам ағзасынан коронавирустың таралуына әсер ететін зат табылды
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып