14:14 19 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
68 0 0

Үшінші тоқсанда республика бойынша дәстүрлі форматта білім алып жүрген оқушылардың саны 42 процентке жетті

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Қауіпсіз эпидемиологиялық аймақтарға кіретін өңірлерде мектеп асханалары ашылады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер мектеп асханаларын ашуға қатысты сұрақ қойды.

"Мектеп асханалары ашылады деген ақпарат шыға бастады. Ондай шешім қаншалықты қауіпсіз болады?Асханаларды қандай аймақтарда ашу жоспарланып отыр?", - деді тілшілер. 

Бас санитардың айтуынша, қазіргі кезде мәселе пысықталып жатыр. Бірқатар аймақта мектеп асханаларын ашуға қатысты ұсыныс бар. 

"Иә, бізде қауіпсіз эпидемиологиялық аймақтарға кіретін өңірлерде мектеп асханаларын ашуға қатысты ұсыныстар бар. Осыған байланысты нақты алгоритм жасалады. Әрине, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, коронавирус жұқтыру қаупін барынша төмендету керек. Сол себепті тиісті ережелер әзірленеді", - деп жауап берді Қиясов. 

Айта кетейік, үшінші тоқсанда республика бойынша дәстүрлі форматта білім алып жүрген оқушылардың саны 42 процентке жетті. Атап айтқанда, 1-7 сыныптар мен 300-ге дейін оқушысы бар мектептерге 9-12 сыныптар қосылды. Барлық штаттық форматта оқиды. Бірақ пәндердің 70 проценті – штаттық режимде, ал 30 проценті қашықтан оқыту форматында өтеді. Ол пәндерді мектептердің өздері анықтайды. 

Ал мектеп-интернаттарда тұрып оқуға рұқсат бар. Оқушылар үшін жеке консультациялар өткізуге болады. Үшінші тоқсан 20 наурызға дейін жалғасады.

Тақырып бойынша

Коронавирустан айыққан соң өкпені қалай қалпына келтіруге болады – иммунолог кеңесі
Дәрігер коронавирустан қорғайтын көкөніс пен жеміс-жидек түрлерін атады
Коронавирустан қорғану үшін қалай тамақтану керек
Мамандар коронавирустан жазылғаннан кейін пайда болатын симптомдарды атады
Денсаулық министрлігі COVID-19-дың екінші толқыны басталғанын хабарлады
Кілт сөздер:
асхана, мектеп
Загрузка...

Басты тақырып