Қоғам

Баян Алагөзова фильм түсіру үшін халықтан ақша жинап жатыр

© Sputnik / Ксения ВоронинаБаян Максаткызы (Есентаева) встретилась с читателями в Астане и провела автографсессию
Баян Максаткызы (Есентаева) встретилась с читателями в Астане и провела автографсессию - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Фильм отбасында психологиялық, экономикалық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған миллиондаған әйелдің тағдырына негізделген

АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова жаңа фильм түсіру үшін халықтан ақша жинап жатыр. Айтуынша, фильм тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Шығармашылық топпен бірге жарты жыл бойы жазылған фильм сценарийін тағы бір рет оқып шықтық. Бұл – сегізінші әрі соңғы нұсқа. Продюсер ретінде өзгертуді қажет етпейтінін, қайта жазып шығудың қажеті жоқ екенін түсіндім. Біз дұрыс жолмен келе жатырмыз деп ойлаймын, бұл фильм ешкімді бей-жай қалдырмайды. Себебі ол эмоцияға толы әрі шындықты көрсетеді", -деді Алагөзова.

Айтуынша, фильмді түсіруге қаржы жинау жалғасып жатыр.

"Қанша қаржы беру қажет деп санасаңыз, сондай көлемде қаржы аударыңыз. Біздің бірлігімізге, күшімізге сенемін. Мен ақша іздеп жатырмын. Өзім үшін емес, барлығымыз үшін, мемлекетіміз, әйелдер үшін сұрап жатырмын. Фильмнен ер мен әйел өзін сыртынан көретін болады", - деді продюсер.

Айтуынша, қазір 10 миллион теңге жиналған. Түсірілім жұмыстары ақпанның соңында басталады. Түсірілім Алматыда емес, шағын қалада өтеді.  

"Бұл – бір отбасының шынайы оқиғасы. Қолымыздан келетініне сенімдімін. Нағыз фильм түсіргім келеді. Қосылыңыздар", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Баян Алагөзова кемшілігін бетке басатындар туралы айтты 

Айта кетейік, фильмнің режиссері – Асқар Ұзабаев, сценарий авторлары – Асқар Ұзабаев және Әсем Жәпишева.

Фильм отбасында психологиялық, экономикалық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған миллиондаған әйелдің тағдырына негізделген. Фильмге жұмсалатын жалпы қаражат – 100 миллион теңге.  

Жаңалықтар
0