Қоғам

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды

© AP Photo / Robert F. BukatyМедицина қызметкерінің сұлбасы
Медицина қызметкерінің сұлбасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы күндері елімізде 23 524 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатса, 5 732 пациент стационарда, ал 17 792 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда

АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан сегіз адам, пневмониядан төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ал оның алдында коронавирустан тоғыз, пневмониядан бір адам қайтыс болды.

13 қаңтардағы ақпарат бойынша, Қазақстанда бір тәулікте 766 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 124 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы республикада 164 477 науқас анықталып, 2 377 адам қайтыс болды. Тамыздан бері коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония диагнозымен 46 499 науқас тіркелді, 530 адам қайтыс болды. Пневмонияға шалдыққандар арасында 34 118 адам сауықты.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 524 адам короновирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 5 732 пациент стационарда, 17 792 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 267 адамның жағдайы ауыр, 58 науқас өте ауыр жағдайда жатыр. 42 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0